• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 01:07:55
Алматы
+35°

23 Тамыз, 2024 NEWS

Алматы мектептерінде алғашқы қоңырау 2 қыркүйекте соғылады

Алматы қаласының мектептерінде алғашқы қоңырау демалыс күніне байланысты 2 қыркүйек өтеді.

Көрнекі сурет

Бұл туралы Алматы қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай ӨКҚ өткен брифингте айтты.

"Білім басқармасымен келісілгендей, 1 қыркүйек – демалыс күні, ал 2 қыркүйекте таңертең салтанатты жиын болады. Дәстүр бойынша бірінші сынып оқушыларына алғашқы қоңырау соғылады. Жиын ұзаққа созылмайды, барлық мектепте шамамен 10-15 минут өтеді", – деді Сайлаубай. 

Бұған дейін білім министрі Ғани Бейсембаев елімізде алғашқы қоңырау 1 қыркүйекте өтетінін, басқа күнге ауыстырылмайтынын айтқан. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір