• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 03:42:47
Алматы
+12°

"Заңсыз иеленген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң субъектісінің активтерді иемдену көздерінің заңдылығына мониториң және анализ жасаған кезде үлестес тұлғаларда қайдан келгені белгісіз активтер анықталды.

Биыл Активтерді қайтару комитеті 10 млн АҚШ долларынан астам сомалық активтерді мемлекетке қайтаруға талап арыз түсірді. Сот процестері барысында жауапкерлер аталған активтердің заңды жолмен алынғанын дәлелдей алмады.

Бірінші сатыдағы сот комитеттің талаптарын толық қанағаттандырып, апелляциялық алқа шешімімен жауапкерлердің шағымдары қанағаттандырылмады. Сот шешімін орындау барысында мемлекет кірісіне қолма-қол ақша, қымбат әшекейлер, және тарихи-мәдени мұралар қайтарылды. Сарапшылардың айтуынша, бұл мұралар Сақ дәуіріне тиесілі. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жаңа қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір