• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:50:33
Алматы
+12°
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін талқылады.
 
Әлеуметтік көмек департаментінің басшысы Айнұр Әбдірахманова министрлігік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп АӘК тағайындауға үміткерлердің негізгі шығыстарын есепке алу және верификациялау тетігін пысықтап жатқанын хабарлады.
 
Оған сай, жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті сатып алуға, оқу ақысы мен қосымша білім алуға, демалыс пен ойын-сауыққа, сауықтыруға, жиһаз, тұрмыстық техника заттарын сатып алуға, кредиттерді өтеуге және т.б. шығыстардың түрлерін қарастыру жоспарлануда.
 
– Ұсынылып отырған алгоритм АӘК тағайындауға өтініш берген азаматтарға олардың кірістері мен шығыстарын тексеруге келісім алу үшін SMS-хабарлама жіберуді көздейді. Бұл банктік құпияны ашу және үшінші тұлғаларға ақпаратқа қол жеткізуге қатысты емес. Тексерулер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен автоматты түрде жүргізілетін болады, – деді Айнұр Әбдірахманова.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір