14 Тамыз, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ата-аналар Сара Назарбаева негізін қалаған "Бөбек" орталығын қайта құру бастамасына қарсы шығып, петиция жариялады.
"Бұл орталыққа түсу оңай емес, көптеген ата-ана балаларына дәл осы жерде оқуға және дамуға мүмкіндік беруге тырысады. Ал орталықты қайта құру балаларымызға жасалатын жағдайлардың нашарлауына әкеп соғады және қалыптасқан балансты бұзады деп ойлаймыз. Біз оқу-ағарту министрлігінен "Бөбек" орталығын қайта құруға қатысты жоспарын қайта қарауды сұраймыз. Оның басқару формасын өзгерткенше, оны дамыту мен қолдауға инвестиция құйса жөн болар еді. Біз орталықтың қазіргі күйінде сақталғанын қалаймыз және балаларымыздың болашағы үшін оның мүддесін қорғауға әзірміз" – делінген петиция мәтінінде.
Айта кетейік, бұған дейін оқу-ағарту министрлігі "Бөбек" орталығының орнына балаларға инклюзивті білім беру мекемесін құратыны хабарланған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір