• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:29:40
Алматы
+12°

14 Тамыз, 2024 NEWS

Төтенше жағдайлар министрлігі 25 миллиард теңгеге 11 ұшақ сатып алмақ

Премьер-министрдің баспасөз қызметі төтенше жағдайлар министрлігіне 24,8 миллиард теңгеге 11 ұшақ сатып алатынын мәлімдеді.

Көрнекі сурет

"Қаржылық лизинг механизмін қолдану арқылы төтенше жағдайлар министрлігінің материалдық-техникалық базасын жабдықтау үшін 11 ұшақ сатып алу жоспарланып отыр. Қажетті сома 2027 жылға дейін республикалық бюджеттен кезең-кезеңімен 24,8 миллиард теңге бөлінеді", – делінген хабарламада.

Бұл мәселе республикалық бюджет комиссиясының отырысында тұжырымдамалық қолдауға ие болғаны айтылды.

Мәліметтерге сенсек, әуе кемесі жету қиын аймақтардағы төтенше жағдайлар аймақтарынан адамдарды эвакуациялау және құтқару бөлімшелерінің жедел әрекет етуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатыны атап өтілді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір