09 Тамыз, 2024 NEWS
Астанада Тәжікстан өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
10 және 11 тамыз күндері елордада Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, халық қолөнері және ұлттық тағамдары өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі.
Кһрнекі сурет
Әкімдіктің ресми сайтының мәліметінше, жәрмеңкеде жаңадан піскен жеміс-жидек пен көкөніс, табиғи бал, жаңғақ, кептірілген жеміс, дәмдеуіштен бөлек, былғарыдан, керамикадан, ағаштан жасалған, қолдан тоқылған кілемдер, кәдесыйлар секілді ұлттық қолөнер бұйымдарын сатып алуға болады.
Сондай-ақ жәрмеңкеде Тәжікстан мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен концерттік бағдарламаны тамашалауға болады.
Жәрмеңке «Барыс-Арена» спорт кешеніне іргелес аумақта 10 тамыз сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін, 11 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір