• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:20:47
Алматы
+12°

Оқу-ағарту министрлігі Сара Назарбаева ашқан "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығын "Үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда құжат жобасы Ашық НҚА порталында  талқыға шығарылды. 

"Орталықты құру инклюзивті білім беру бойынша ғылыми-зерттеу қызметін және мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейлерінде білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз етеді", – делінген ресми мәлімдемеде.

Сонымен қатар, аталған кәсіпорын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстарға қатысу құқығына ие болып, инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізеді. 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: бөбек жаңа қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір