• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:24:56
+12°

Алматы облысында жаңа туған нәрестелерді балалардан бас тарту пункттерінде қалдырған бірнеше жағдай тіркелді. Балаларға арналған қораптар "үміт бесігі" деп аталады және бірнеше баланың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

"Үміт бесігін" салудағы басты мақсат бала құқығын қорғау. 

Жуырда Алматыда 14 шілдеде Қоқысты сұрыптау кезінде жаңа туған нәрестенің денесі табылғаны туралы жаңалық тарап, қоғамды дүр сілкіндірді. Баланың денесі пакетке оралған. Полиция немқұрайлы ананы іздеп, болған оқиғаның мән-жайын анықтайтынын хабарлады.  Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімі басшысының м.а. Жадыра Ахметова шақалақты аман алып қалуға мүмкіндік боағанын атап қтті.  Дегенмен Қазақстанда балаларын қоқыс жәшіктеріне, дәретханаларға немесе арықтарға аяусыз тастайтындар әлі де күрделі мәселе тудырып отыр.

"Бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға болатын еді. Елде ана мен баланы қорғау үшін барлық жағдай жасалған. Мүмкін, анасы жас және ақпараты аз болған немесе құжаттарды рәсімдеуде қиындықтарға тап болған шығар. Шақалақты қоқысқа тастаған ананың қандай жағдайда болғаны белгісіз.  Алайда оның әрекетін ештеңе ақтай алмайды. Кішкентай нәрестені балалар үйіне беру арқылы құтқаруға болады, ал егер анонимділік маңызды болса, оны аурухананың немесе полицияның жанында қалдыруға болады. Мұндай қадам заңмен жазаланбайды, мүмкін ол қажетті көмек алар еді", – деп атап өтті Жадыра Ахметова.

Ол сондай-ақ 2021 жылдан бастап Алматы облысында нәресте-бокс жүйесі бойынша жаңа туған нәрестелерді қабылдаудың  анонимді пункті жұмыс істейтінін еске салады. Осы уақытқа дейін боксқа екі бала қалдырылған. Осыған қарамастан, денсаулық сақтау министрлігінің мамандары сәбилерді құтқарудың бұл әдісі туралы алаңдаушылық білдіреді, өйткені бұл қалдырылған нәрестелердің күрт өсуіне әкелуі мүмкін.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, балалар қораптары пайда болғаннан кейін баладан бас тартушылар саны едәуір өскені байқалады. Мұндай жүйені енгізу БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясын бұзады және "неке және отбасы туралы" ҚР Кодексінің 60-бабына қайшы келеді, оған сәйкес әрбір бала отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге, сондай-ақ өз ата-анасын білуге құқығы бар.

Еске сала кетейік, " Үміт бесігі " алғашқы балалар боксы Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында 2020 жылдың 21 қаңтарында ашылған болатын.

Еңбекшіқазақ ауданында "Үміт Бесігін" ашу туралы шешім қабылдауға ауданымыздың ауылдарының бірінен қыс мезгілінде дүкеннің есік тұтқасында қапшықта қалдырылған сәби себеп болған еді. Бағымызға орай нәресте дер кезінде анықталып, оған медициналық көмек көрсетілген еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір