05 Тамыз, 2024 NEWS
Фото: iter.kz
Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылғандардың санын 39180 адамнан 40148 адамға дейін көбейтеді. Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталына жарияланған.
"2024 жылы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 40 148 ер азаматтың мерзімді әскери қызметке шақырылуын қамтамасыз ету керек", – делінген құжатта.
Министрліктің мәлімдеуінше, бұл "Қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларды жинақтау үшін" мерзімді әскери қызметшілер санын көбейту үшін жасалып отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір