• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:56:49
Алматы
+12°

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы" ШЖҚ РМК филиалының бас директоры К. Төрегелдиевке және жеке компанияның басшысы Д. Озықбаевқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Антикор мәлімдеді. 

"Төрегелдиев РМК-да жүргізіліп жатқан аудиторлық тексеру жөніндегі мәселенің шешімін оң жақты еткені үшін лауазымды тұлғаларға пара беру сылтауымен Озықбаевтың 500 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды. Төрегелдиев орындалмаған жұмыстардың актілеріне  қол қою арқылы мемлекетке 2,2 млн теңге сомаға залал келтірді "- делінген ресми хабарламада. 

Төрегелдиевке 3 жыл бас бостандығынан айырылса, Озықбаевқа 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Сонымен қатар, айыпталушылар өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: заң құқық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір