• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:14:30
Алматы
+12°

25 Шілде, 2024 NEWS

Қазақстанда зейнетақы жинағындағы ақшаға тіс емдеуге тыйым салынбақ: Министрлік себебін түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарының есебінен стоматологиялық қызметтерді көрсетуді алты айға тоқтата тұру туралы бұйрықтың жобасын әзірледі.

Көрнекі сурет

Протездеу және имплант орнату бойынша қымбат тұратын стоматологиялық қызметтерге қаражатты пайдалануды 2024 жылғы 10 тамыз бен 2025 жылғы 1 ақпан аралығында уақытша тоқтата тұру жоспарланып отыр.

Біржолғы зейнетақы төлемдері жөніндегі уәкілетті оператор "Отбасы банк" АҚ ақпараты бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражатты стоматологиялық қызметтерге пайдалану кезінде нысаналы емес шығару жағдайлары тіркелген.

Банктің мәліметінше, ол жүргізген қызметтік тексерулердің барысында жалған құжаттарды пайдалану және нақты медициналық қызметтерді көрсетпеу фактілері анықталды.

"Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі "Емдеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № ҚР ДСМ-18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрықтың жобасын әзірледі. Осы бұйрықпен протездеу және тістерді имплантаттау бойынша қымбат тұратын стоматологиялық қызметтерге қаражатты пайдалануды 2024 жылғы 10 тамыздан 2025 жылғы 1 ақпанға дейін алты ай мерзімге уақытша тоқтата тұру көзделеді”, – делінген хабарламада.

Осы уақытта біржолғы зейнетақы төлемдері жөніндегі уәкілетті оператор БЖТ қаражатын мақсатсыз пайдалануға жол бермеу және стоматологиялық қызметтер көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде тиісті жұмыс жүргізуге ниетті.

Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 24 шілдеде талқылау үшін Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: зейнетақы тіс емдеу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір