• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:18:34
Алматы
+12°

23 Шілде, 2024 NEWS

Алматы облысында шетелдік азамат жасырын медресе ашып, 19 баланы оқытқан

Қарасай ауданының прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп 19 бала заңсыз тәрбиеленген жасырын діни медресені анықтады.

Фото: ашық дереккөзден

Шетелдік азамат балаларға дінді заңсыз оқытқан.

“Жеке үйдің аумағында Тәжікстанның азаматы балаларға араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолдана отырып сабақ берді. Тексеру барысында діни әдебиеттің 179 данасы, сондай-ақ "Iphone" маркалы ұялы телефон және "HP" маркалы ноутбук тәркіленді”, – делінген хабарламада.

Аталған іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Медреседе білім алған барлық бала ата-аналарына қайтарылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір