• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қыркүйек, 07:40:52
Алматы
+35°

19 Шілде, 2024 NEWS

Денис Теннің өліміне кінәлілердің жазасы жеңілдетілді

Сотталған Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесіне ауыстырылды.

Фото: ашық дереккөзден

Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 2019 жылы 17 қаңтарда Денис Теннің өліміне кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шықты. Сотталғандар Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА-155/12 түзеу мекемесіне жіберілді.

Ал олардың сыбайласы Жанар Толыбаеваға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеді. Алайда 2019 жылдың желтоқсанында ол қамаудан босатылды. Сот оның денсаулық жағдайын және қамауда екінші баласын дүниеге әкелгенін ескеріп, жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеумен ауыстыру туралы шешім қабылдады. Ол кейінірек колонияға оралып, 2021 жылдың желтоқсанында түбегейлі босатылды.

Араға уақыт салып спортшыны өлтірген қылмыскерлердің жазасы жеңілдегені белгілі болды. 

“2023 жылы 19 қазанда Қонаев қалалық соты Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №12 мекемесі басшысының қатаң режимдегі мекемеде отырған Нұралы Қиясовтың жазасын жеңілдету туралы ұсынысын қарады. Бұған 2023 жылғы наурызда қабылданған "Кейбір заңнамалық актілерге қылмыстық іс жүргізу және жазаны атқару саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңа Заң себеп болған. Заңға сәйкес, қасақана қылмыс жасағаны үшін екі жылдан астам мерзімге сотталмаған, бұрын соңды бас бостандығынан айырылмағандар жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеуге тиіс”, – деп жазды басылым.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Денис Тен кінәлілер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір