• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қыркүйек, 07:45:20
Алматы
+35°

Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі мемлекетке қайтарылды. Білім беру мекемесінің құны 1,2 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді.  

"17 шілде күні Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді. Cотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге төмендетілгені анықталды" - делінген ресми хабарламада. 

7,6 мың м2 құрайтын әкімшілік ғимараттардың, спорт залдары мен басқа да құрылыстардың, сондай-ақ 4,9 га аумақты алып жатқан мектеп мүлкіне Мұхамедиұлымен аффилиирленген тұлғаларға тиесілі Nomad's Land ЖШС иелік еткен. 

Айта кетейік, бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет ақшасын жымқырғаны үшін 8 жылға, кейіннен қосымша 3 жыл қосылып, жалпы 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір