• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:58:39
Алматы
+12°

17-20 шілде аралығында қатты жауын-шашынға байланысты Алматының таулы аймақтарында су деңгейі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидрометтің" ескертуіне сүйене отырып хабарлады. 

"Қауіпті белгілерден асқан жағдайда Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда су тасқыны болуы мүмкін. Осыған орай Алматы қаласының ТЖД тұрғындарға жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту қажеттігін ескертеді" – делінген ТЖД хабарламасында.

Сонымен қатар, 18 шілдеде Алматының таулы аудандарында бұршақ жауып, найзағай ойнап, қатты жел тұруы мүмкін. Желдің екпіні секундына 18-23 метрге дейін жетеді. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: алматы тжм

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір