10 Шілде, 2024 NEWS
Астанада автобус жүргізушісінің бетіне баллоннан бұрыш шашқан бұзақы қамауға алынды
Қоғамдық көлік жүргізушісіне баллоннан бұрыш шашқан бұзақы қамауға алынды.
Фото: ашық дереккөзден
Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға күндіз Қалдаяқов көшесінде болған. Автобуспен Kia автокөлігінің жүргізушісі жанжалдасып қалған.
“Жеңіл көліктің жүргізушісі аялдамаға тоқтағалы жатқан қоғамдық көліктің жолын кесіп кеткен. Сөйтіп автокөліктің жүргізушісі автобусқа жақындап келіп жүргізушіге баллоннан бұрыш шашып, қашып кеткен”, – делінген хабарламада.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Kia автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі ұсталып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Сот шешіміне сәйкес, астаналық тұрғын бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір