• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Шілде, 00:21:41
Алматы
+35°

02 Шілде, 2024 NEWS

Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл жайында өңір әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Фото: ашық дереккөзден

Нұрлан Қоянбаев 1979 жылдың 19 шілдесінде Қызылорда облысында дүниеге келген.

1996-2000 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінде білім алған.

2009-2011 жылдары экономика және құқық академиясында қаржы және несие факультетінде оқыды.

2012-2015 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

Бұған дейін ол ҚР Президенті Телерадиокешенінің креативті директоры, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бас продюсері қызметін атқарған.

Республикалық телеарналарда басқа да танымал жобаларды ұйымдастыруға атсалысты.

2021 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір