• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қараша, 08:20:21
Алматы
+12°

25 Маусым, 2024 NEWS

"Құлағы естімейді". Бозымбаев су тасқыны кезінде көмектеспеген кәсіпкерлер жайлы

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккен халыққа қаржылай көмек көрсеткен олигархтар туралы айтты.

Фото: ашық дереккөзден

 

БАҚ өкілі вице-премьерге "Су тасқыны кезінде халыққа қаржылай көмектескен кәсіпкерлер қандай да салықтан босатыла ма?" деп сұрақ қойды.
Менің ойымша, бұл азаматтар мен демеушілер қаражатты марапат алу үшін беріп отырған жоқ. Тек біздің халқымызды аяп, “қандай көмек көрсете аламыз” деген таза оймен беріп отыр. Мен бұл кісілердің бәрімен 100 пайыз байланыстамын. Өздері келіп, қай өңірде қанша пәтер сатып аламыз деп қадағалап жүр. “Сапасы қандай болады, қандай үйлерді саламыз” деп жүр. Бұл азаматтарды тек мақтау керек, – деп жауап берді Бозымбаев Үкіметте өткен брифингте.

Вице-премьер көмек беруден қалыс қалған кәсіпкерлер туралы былай деді:

Жалпы, халық үніне құлақ асатын мемлекет дейміз ғой. Кейбірінің құлағы естиді, кейбірінің құлағы естімейді, – дейді Қанат Бозымбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір