19 Маусым, 2024 NEWS
Фото: gov.kz
Атырау әйелін ұрды деп айыпталған Мақат ауданының экс-әкіміне қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен ол әйелінің пайдасына 2 млн теңге моральдық шығын өтейтін болды. Бұл туралы Жоғарғы сот хабарлады.
"Жанжал кезінде айыпталушы әйелін еденге құлатқан және сол жақ санынан бірнеше рет тепкілеген, соның салдарынан жәбірленуші У.А. 5-ші омыртқасының сынуы түрінде, ығысусыз орташа ауырлықтағы зақым алған. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және басқа да дәлелдемелермен дәлелденді. Сот үкімімен И.Р.-ға 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды." - делінген Жоғарғы сот хабарламасында.
Сот үкіміне экс-әкімнің бұрын сотталмағаны әсер еткен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір