17 Маусым, 2024 NEWS
Оралдағы жарылыс: төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр
Құрбан айттың алғашқы күні Орал қаласындағы «Ел ырысы» базарында газ балоны жарылып, 10 адам зардап шекті. Жарылыс құрбанға сойылған малдың бас-сирағын үйту үшін пайдаланылған газ балонынан шыққан.
Фото: ашық дереккөзден
- Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсановтың мәліметінше, оқиға орнынан қалалық көпбейінді ауруханаға 6 адам жеткізілген. Біреуі амбулаториялық емге жіберілген. Жеңіл күйік алған бір адам осы аурухананың травмотология бөліміне жатқызылды.
"4 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Арасында бір науқастың оң иығы сынған. Миы шайқалған. Қалған үшеуінің денесін 15 пайыздан 52 пайызға дейін күйік шалған. Жағдайы өте ауыр", - дейді Ерлан Тоқсанов.
Зардап шеккендердің екеуі Өзбекстан азаматы. Ауруханада жатқан бес адамның үшеуі ер, екеуі әйел адам.
Бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар департаменті жарылыс болған жерден екі адамның мәйіті табылғанын хабарлаған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір