11 Маусым, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Екі Франция азаматы Байқоңыр ғарыш айлағының аумағына заңсыз кіруге тырысқан. Жолда аптап ыстықтан олардың бірінің жағдайы нашарлап, қаза тапқан.
Олар Байқоңырдағы "Буран" ғарыш кемесін көргісі келген. Екінші француз досына көмек шақыру үшін жолға қарай жүгірген. Алайда бұл кезде оның досы шөл қысып мерт болған. Байқоңырда бұл кезде ауа температурасы +36 градус болған.
Айта кетейік, бұған дейін де бірнеше рет туристер "Буран" ғарыш кемесін көру үшін Байқоңырға заңсыз кіруге тырысқан фактілер тіркелген. 2022 жылдың мамырында №112 ұшыру алаңының жанында Ұлыбритания азаматы Бенджамин Рич пен Беларусь азаматы Алина Зелупа, ал 2023 жылдың қыркүйегінде Испаниядан келген үш турист ұсталды.
Ұсталған туристерге әкімшілік айыппұл салынады. Алайда екі француздық ғимаратқа кіруге тырыспаған тек суретке түсіруді көздеген. Алайда жағдай қайғылы оқиғамен аяқталды.
Еске сала кетейік, "Буран" – КСРО кезінде құрастырылған ғарыш кемесі. Ол "Байқоңыр" зымыран-ғарыш компаниясы" акционерлік қоғамының меншігінде, иесі – қазақстандық бизнесмен Дәурен Мұса.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір