• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:15:47
Алматы
+12°

Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстер мен бағыттар саны артады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Виталий Савельевтің кездесуі кезінде белгілі болды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің ірі қалалары арасындағы іскерлік және туристік трафиктің өсіп келе жатқанын ескере отырып, әуе рейстерінің санын ұлғайту перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар, тараптар теміржол және автомобиль көлігі, азаматтық авиация, оның ішінде жолаушылар және жүк тасымалы, жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерін дамыту салаларындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің жұмысын бірлесіп тексеруге келісті. 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір