• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 13:07:21
Алматы
+35°

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2024.kz сайтын іске қосты.

Сайт қызметін төралқа мәжілісінде ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікханұлы таныстырды. Діни басқарманың мәліметінше, халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін осындай шешімге келген. Биыл да құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады.

“Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажет қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын 1 немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе, ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі”, – делінген хабарламада.

Сайтта белгіленген баға бойынша Астана қаласынан болсаңыз, бір қойдың құны – 75 мың теңге, ал алматылықтар 72 мың теңгеге бір қой сатып алып, онлайн құрбандық шалса болады. 

Діни басқарма іске қосқан сайтта құрбан шалуға тапсырыс берсеңіз болады. Ет мұқтаж жандарға таратылатындықтан олар құрбан етіне тапсырыс беріп, өтініш қалдыра алады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір