10 Маусым, 2024 NEWS
Уақыт белдеуіне қатысты петиция қарауға қабылданды
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Көрнекі сурет
«E-Petition.kz» ресми порталында жарияланған петиция ресми қарау үшін қажетті қол жинады. ҚР ӘРПК-нің 90-4 бабына сәйкес, елу мың қол қою шегіне жеткеннен кейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі өтінішті қарауға қабылдады, деп хабарлайды.
«ҚР ӘРПК-нің 90-5 бабына сәйкес петицияны қарау мерзімі тіркелген сәттен бастап 40 жұмыс күнді құрайды. ҚР Сауда және интеграция министрлігі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қоса жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырады. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетін болады», - делінген министрліктің мәлімдемесінде.
Естеріңізге салсақ, биыл еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Өзгеріске қарсы шыққан қазақстандықтар бұрын қолданыста болған уақыт белдеуін қайтару жөніндегі петиция жариялады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір