• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:33:48
+12°

10 Маусым, 2024 NEWS

Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құрылады. Оны кім қаржыландырады

Ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресей мүше болады.

Көрнекі сурет

Ашық НҚА порталында "Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы" ҚР заңының жобасын Мәжілістің қарауына енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасы жарияланды. 
Порталда қаулы жобасына қосымша ретінде Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру жөніндегі шарт берілген. Бұл шартқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресейдің бірінші басшылары биылғы қаңтарда қол қойған болатын. 
Шартта халықаралық ұйымның қандай жұмыстармен айналысатыны және қалай қаржыландырылатыны жазылған. 

Аталған шартқа сәйкес, ұйым оған мүше елдердің үлестік жарналары мен ерікті жарналары және ұйым қызметі аясында бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлетін қаражаты есебінен қаржыландырылады. Үлестік жарнаның мөлшері құжатта нақтыланбаған. 

Ұйымның ресми де жұмыс тілі – орыс тілі. Ұйымды бас хатшы басқаратын болса, хатшылық Ресей Федерациясының Сочи қаласында орын тебеді. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: орыс тілі ұйымы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір