• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:38:41
Алматы
+12°

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықов 5 жылға шартты түрде сотталды. Бұл туралы Антикор хабарлады.

"Алматы қаласы Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды. Ол Алматы облысы Іле жағалауындағы "Көшпенділер" киножобасы аясында нарықтық құнынан 44 есе төмен бағаға салынған "Түркістан қаласы" Бутафор бекінісін заңсыз іске асыру жолымен мемлекетке залал келтіріп, жымқырғаны үшін сотталды", – делінген реси мәлімдемеде.

Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір