06 Маусым, 2024 NEWS
Үкіметтің қарызы 25 трлн теңгеге жетті – Смайылов
Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметтік борыштардың артқанына алаңдаушылық білдірді.
Фото: ашық дереккөзден
- Қазір мемлекеттік борыш қауіпсіз шекте болғанымен, Үкіметтің борыштық міндеттемелері биыл қаңтар айындағы жағдай бойынша 24,9 трлн теңге болды. 2024-2025 жылдары өткен онжылдықта тартылған қарыздарды қайтару бойынша бюджетке ең жоғары жүктеме түсіп отыр. 2023 жылы қарыздарды өтеуге және қызмет көрсетуге Ұлттық қордың трансферттерін есепке алмағанда, бюджет кірістерінің 28%-ы немесе барлық шығысының 19%-ы жіберілді, - деді ол.
Жоғары аудиторлық палата басшысы мемлекеттік және квазимемлекеттік борыштың жай-күйі туралы ақпаратты ашығырақ көрсету керек екенін айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір