Фото: Ашық дереккөз
Бірінші байлық-денсаулық. Қазіргі таңда ана мен бала денсаулығы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай Алматы облысында өңірдегі ана мен бала өлімінің көреткішін төмендету мақсатында денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне шеберлік сағатары өтті. Бұл туралы Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.
Іс-шара 2024 жылғы 21-24 мамыр аралығында Алматы облысының реаниматологтары мен гинекологтары үшін ұйымдастырылған. Сабақ барысында өңірдегі ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін төмендету мақсатында "халықаралық тәжірибені ескере отырып, акушерлік анестезиологияның және қарқынды терапияның өзекті мәселелері" тақырыбында мультикомандалық мастер-класс өтті.
Шеберлік сабағын медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер, акушерлік патологиясы бар пациенттердің "Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының" сарапшы-консультанты Жұмаділов Агзам Шаймарданұлы жүргізді.
Айта кетейік, Агзам Жұмаділов акушерлік анестезиология және реанимация бойынша клиникалық хаттамаларды әзірлеуші болып табылады. Ол үш күнге созылған шеберлік сағатында өз тәжірибесімен бөлісе отырып, әртүрлі патологиялары бар жүкті науқастарды емдеудің жаңа әдістері туралы айтты. Сондай-ақ, перзатханадағы ана мен бала өлімінің алдын алу, жүктілік барысында ана мен балаға медициналық көмек көрсету маңызы жайлы сөз қозғады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір