• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 17:02:33
Алматы
+12°

04 Маусым, 2024 NEWS

Қазақстанда орташа жалақысы 607 мың теңге болатын өңірдің аты аталды

ҚР Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы 3 маусымда 2023 жылғы еліміздегі еңбек бойынша негізгі көрсеткіштерді атады. Сондай-ақ сарапшылар есебінде еліміздің әр өңіріндегі жалақыларға қатысты мәліметтер де бар.

Көрнекі сурет

Ұлттық бюро сайтының мәлімдеуінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі орташа жалақы көлемі 364 295 теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 17,6 пайызға артық.

Нақты мәнде еліміздегі орташа жалақы көлемі 2,7 пайызға өскен.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 000 теңге мөлшерінде белгіленді. Қазақстан Республикасында 2023 жылғы медиандық жалақы 251 356 теңгені құрады. 

2023 жылы өңірлік бөліністе ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы Атырау облысында белгіленді, ол 607 635 теңгені құрайды.

Одан кейін Маңғыстау облысы тұр – 535 156 теңге, Ұлытау облысы – 483 812 теңге.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір