Фото: Ашық дереккөз
Елордалық мүгедек балалардың аналары үшін тегін медициналық тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі.
Балаларды қорғау күніне орай "Мамино сердце" акциясын №6 қалалық емханада өтті. Сондай ақ аталған акцияны Amanat партиясының Әйелдер қанаты ұйымдастырды.
Іс-шара аясында елорданың әртүрлі аудандарынан мүгедек балалары бар 60 әйелге емхана мамандары-терапевт, хирург, эндокринолог, уролог, стоматолог, офтальмолог, оториноларинголог, невропатолог, кардиолог, онколог-маммолог кеңес берді. Дәрігерлердің тағайындауы бойынша астаналықтарға қалқанша және сүт бездерінің, іш қуысы мүшелерінің ЭКГ және УДЗ жүргізілді.
«Ерекше балалар үнемі ерекше күтім мен назарды қажет етеді. Осыған байланысты ерекше балалардың анасы өз денсаулығына қарау үшін уақыт таба алмай қалып жатады. Сол себепті біздің акция елордалық әйелдердің әлеуметтік маңызды ауруларын ерте анықтауға зор үлес қосады деп ойлаймын», - деді №6 қалалық емхананың "Жас талап" жастар денсаулық орталығының жетекшісі Людвик МАЛИНОВСКИЙ.
Аналар емханада тексеріліп жатқан кезде аурухананың психологтары ерекше балаларға арналған арт-терапия, ұсақ моториканы жақсартуға арналған жаттығулар және түрлі сабақтар өткізді.
Акция концерттік бағдарламамен және жас қонақтарға естелік сыйлықтармен аяқталды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір