01 Мамыр, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматы облысындағы халықтың ішкі көші-қон көрсеткіші мен табиғи өсімі белгілі болды. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыс халқының саны 1537,9 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 248,2 мың адамды құрап 16,1%-ды көрсетсе, ауылдықтар саны 1289,7мың адам болып, 83,9 пайызды құрады.
"Оң көші-қонның айырмасы қалыптасты және 896 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда - 942 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда 728 адам оң көші-қон айырмасы (719), ішкі көші қонда оң көші-қонның айырмасы – -168 (223 адам)"-делінген ресми мәлімдемеде.
Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі де артқан. Табиғи өсім 2024 жылғы қаңтар мен наурыз айының аралығында 5811 адамды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінде 5 637 адамды құраған болатын. Ал 2024 жылғы қаңтар-наурызда жаңадан туылған сәбилер алдыңғы жылғы сәйкес кезеңдегіден 2,0% өссе, шетінегендер тіркелімі 0,5%-ға азайған.
Айта кетейік, халықтың табиғи өсімі белгілі бір уақыт аралығында туылған адамдар мен қайтыс болған адамдар саны арасындағы айырмасы арқылы есептеледі. Егер туылғандардың саны қайтыс болғандардың санынан асатын болса, Халықтың табиғи өсімі оң көрсеткіш көрсетеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір