• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:07:43
Алматы
+12°

Бүгін cенаттың жалпы отырысында жеке тұлғаға несие беру мәселесі бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу қарастырылды.

Толықтыруға сәйкес алдағы уақытта жеке тұлға алғысы келетін несие көлемі 3,7 млн теңгеден асатын болса, жұбайының рұқсатын алуға міндеттеледі.

"Енді ерлі-зайыпты кредит алуды жоспарласа, 3,7 млн теңге несие алған жағдайда, екеуінің де келісімі керек. Cондай-ақ кредитті төлеу мерзімін 90 күннен кешіктірсеңіз, онда сізге банк те, микроқаржылық ұйым да несие бермейді" - деді депутат Сергей Карплюк.

Депутаттың айтуынша, бұл шаралар халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендету үшін қабылданған. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір