• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 14:12:57
Алматы
+12°

Иран президенті Ибрахим Раиси  мінген тікұшақ апатқа ұшырап, бүкіл экипаж қаза тапты. Бортта ел президентімен қатар Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан, Шығыс Әзербайжан облысының губернаторы Малек Рахмати және Табриз қаласының жұма имамы Мохаммад Али Але Хашем болған. Бұл туралы Иранның Қызыл жарты ай қоғамының басшысы Пир Хоссейн Коливанд мәлімдеді.

"Құлаған тікұшақтың орналасқан жері анықталған кезде, тікұшақ жолаушылардың тіршілік белгілері табылмады", - деді ол IRIB телеарнасында.

Бұған дейін БАҚ Иран президенті мінген тікұшақ жоғалып кеткенін хабарлаған болатын. Саясаткерлер көршілес Әзербайжанда су бөгетін ашу салтанатына қатысып, елге қайтып келе жатқан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: иран

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір