• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:14:13
Алматы
+12°

13 Мамыр, 2024 Барлық аймақтар

Лондонда Қазақстан азаматына адам өлтірді деген айып тағылды

Ұлыбритания полициясы Қазақстан азаматы Баймолда Бейбітті кісі өлтірді деген күдікпен ұстады, -деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Фото: ашық дереккөзден

Лондон полициясының мәліметінше, 30.12.1986 жылы туған Баймолда Бейбітке 7 мамырда кісі өлтірді деген айып тағылған. Ол 8 мамырда Темза Магистратура сотына келді.

6 мамыр күні кешкі сағат 21:00 шамасында Лондондағы аудандардың бірінде 42 жастағы ер адамның денесі табылған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен. Ажал құшқан адамның денесінде пышақ жарақаттары бары анықталған. 

"Оқиға орнында кісі өлтірді деген күдікпен Бейбіт пен 33 жастағы әйел ұсталды. Бейбітке жоғарыда көрсетілген айып тағылды. 33 жастағы әйел тергеу шаралары аяқталғанға дейін босатылды", – деді Лондон полициясы. 

Баймолда Бейбіт Қазақстаннан Ұлыбританияға 2023 жылдың мамыр айында 6 айға маусымдық жұмыс визасымен барған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір