• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 18:59:40
Алматы
+35°

Фото: TEO CUP XIII пікірсайыс турнирінің ұйымдастыру комитеті

Пікірсайыс қозғалысы ретінде елімізде үздік чемпиондар ортасына айналған “Таңдаулы Экономисттер Одағы” Жоғарғы Пікірсайыс Мектебіне биыл 20 жыл. Осыған орай 4-5 мамыр күндері Нархоз университетінде TEO CUP XIII пікірсайыс турнирі өтті. Оған еліміздің 9 облысынан 300 қатысушы мен 1500-ға жуық көрермен келді.

Турнирдегі басты талап - қоғамда болып жатқан өзекті мәселелер мен олардың тиімді шешу жолдарын талқылау. Ол жерде мектеп оқушылары мен студенттер мемлекеттік тілде әлемдік деңгейде кең қолданысқа ие БПФ (Британдық Парламенттік Формат), АПФ (Американдық Парламенттік Формат) және ЛД (Линкольн Дуглас) форматтарында пікірсайысқа түсті.

Турнир нәтижесі бойынша Жазира Жөндербек пен Инкаров Ерғали студенттік лиганың альфа лигасында 200-ге жуық қатысушысының арасында үздік атанып АПФ және ЛД форматтары бойынша бірінші және екінші орынға ие болды. АПФ бойынша “Хан Тәңірі” фракциясынан Азамат Арынов пен Әсет Оразғали екінші орын, “Жамбыл” фракциясынан Әбуғали Ерғали мен Тұрсыналы Дулат және “Аргумент” фракциясынан Онгаров Нұржан мен Абенов Ахметжан үшінші орындарды иеленді.

Ал мектеп лигасында ЛД форматында ең үздік спикер атанған Тайтанова Дианаға JOO High School-дан бір жылдық грант табысталды, ал үздік спикер атанған Бақытбек Ақботаға, АПФ форматында бірінші орын алған "Нагато мен Минато” фракциясынан Джумадин Ерасыл, Қуанышбек Бекжанға, екінші орын иеленген “Shym shide street” фракциясынан Әзімхан Бекарыс, Әділбай Ратжанға, үшінші орын ұтып алған “Ғұмырдан да ұзақ күн” фракциясынан Койшиева Арайлым мен Табынбаева Нұрданаға, “Dope Soz” фракциясынан Зайдуллаева Арайлым мен Аскарова Анельге ақшалай сыйлық табысталды.

Фото: TEO CUP XIII пікірсайыс турнирінің ұйымдастыру комитеті

Фото: TEO CUP XIII пікірсайыс турнирінің ұйымдастыру комитеті
2004 жылы құрылған ТЭО ЖПМ ұйымы бүгінде жастарды дамыту мақсатында өзіндік үлесін қосып келе жатқан ұйымдардың бірі. Қазақстанның түпкір-түкпірінен жиналып осы ортадан шыққан 300-ге тарта түлек еліміздің экономикалық дамуы жолында еңбек етуде.

Болашақ бағдарламасымен 13, басқа  гранттармен 5 ТЭО ЖПМ түлегі шетелде білім алған. Олар University of Toronto, Canada, University of Liverpool, Pensylvania State University, London School of Economics, New York University, Brunel Univeristy, University of Warwick, University of East Anglia, University of Leicester, University of Surrey, Alanya Alaaddin Keykubat University сынды әлемнің үздік университеттерінде оқып, қазіргі таңда түрлі салаларда жемісті еңбек етуде.

TEO CUP XIII пікірсайыс турнирінің ұйымдастыру комитеті

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір