03 Мамыр, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Тұрғымбаев 29 сәуір күні қаңтар оқиғасы кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен ұсталған еді.
Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрлігін 2019 жылдан бастап 2022 жылға дейін басқарған болатын. Қантар оқиғасынан соң қызметінен босатылып, президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Кейін Ташкентке барып, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылым басшысының кеңесшісі болған еді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымына аккредитацияланған соң экс-министр Астанаға келіп, қылмыстық іске қатысушы деп танылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір