• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Мамыр, 05:22:21
Алматы
+35°

Жамбыл облысында 105 миллион теңге көлемінде бюджет қаражаты жымқырылған. Бұл туралы Рысқұлов ауданының прокуратурасы мәлімдеді. 

Аудан прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру дерегін анықтады.

"Облыстың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығынын субсидиялауға бөлінген 105,3 миллион теңгені заңсыз алғаны анықталды", - делінген хабарлаада.

Қылмыстық істі тергеу облыстық Экономикалық тергеп-терсеру департаментіне жүктелді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір