16 Мамыр, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Гүлмира Сатыбалданың сот отырысы 30 мамыр күні өтетін болды. Сот процессі Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық түрде өтеді. Қазірігі уақытта Назарбаевтың экс-келіні Алматыдағы тергеу изоляторынан жеткізіліп жатыр.
15 мамыр күні айыпталушының адвокаттары сот отырысын жабық өткізуді сұраған. Сонымен қатар, бопсалау бабы бойынша қылмыстық істі қысқартуды сұрап, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің бұзылғанын айтып, барлық тергеу әрекеттерін заңсыз деп тануды сұраған.
Алайда сот сотталушылардың талап-арыздарын қанағаттандырмай, негізгі сот талқылауын бастау туралы шешім қабылдады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір