• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:50:36
Алматы
+12°

24 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Қаржы пирамидасының басшылары сотталды

"Eolus" қаржы пирамидасын құрған және басқарған, сондай-ақ оны жарнамалаумен айналысқан екі қала тұрғынына қатысты үкім шықты, - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет

"И" және "X" азаматтары жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында, "Eolus" қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды. Салымшылардың қаражаты криптовалютаға аударылып, "energyeolus.info" платформасына аударылды. Залал сомасы шамамен 10 млн теңгені құрады.

Сотта мемлекеттік айыптаушы бірбеткейлікті ұстана отырып, жасаған қылмыс бойынша сотталушылардың кінәсі мен мүліктің жасалған қылмыс нәтижесінде пайда болуын дәлелдеген.

Сот үкімімен "И" және "X" деген азаматтар кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты мүлкі тәркіленіп, қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 жыл және 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қаржы пирамидасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір