• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 13:33:34
Алматы
+12°

08 Ақпан, 2014 NEWS

Әміржан Қосанов: Мемлекет атауын өзгерту – ойыншық емес!

 «Казақстанды» «Қазақ елі» деп атауды ұсынған президенттің ұсынысының астарында не жатыр?

   «Казақстанды» «Қазақ елі» деп атауды ұсынған президенттің ұсынысының астарында не жатыр? 9F880143-C373-46E9-AE4E-B4D44115B3AC_mw1024_n_sМеніңше, бұл – осы уақытқа дейін мемлекет атын «қазақыландыру» туралы бастама көтеріп келе жатқан біраз ұйымдар мен тұлғалардың ұсынысының әбден орынды екендігін әрі оның уақыты келгенін мойындау. Ол тұрғыдан алғанда, президенттікі әбден дұрыс. Жалпы, саяси тұрғыдан алғанда қазақ ұлтының мүддесін менсінбей әрі көре алмай жүрген белгілі топтар үшін бұл дегеніңіз - мықты сигнал. Бізбен айтысуға еті үйреніп қалған олар енді президентпен сөз таластырып көрсін! Сонымен бірге, ел атауын өзгерту – аса маңызды, керек десеңіз, тарихи тұрғыдан айтқанда, мың жылда бір болатын шаруа, сондықтан асығып-үсігудің керегі жоқ. Келісіп қойған ат кемшін болмас. Жаңа атауды ішкі және сыртқы алғышарттар мен факторлар тұрғысынан мейлінше терең зерттеп алу керек. Мәселен, жаңа атау халықаралық аренада, мәселен, ағылшын және басқа тілдерде қалайша траснкрипцияланады? Ел азаматтары қалай аталмақ және тб.? Өз басым «Қазақ Республикасы» деген атауды қалар едім. Бұл атауда мемлекеттің иесі мен оның саяси дамуының басты бағыты – республика, яғни «халық билігі» - нақты түрде көрсетілген. Сонымен бірге, мемлекет атауын өзгерту – қазіргі қоғамдағы маңызды жалғыз шаруа деп айтудан да аулақпын. Уақыт келе, оған да келерміз. Бір анығы - мұндай бастама ел ішінде қордаланып қалған өзекті проблемаларды – жұмыссыздық, баспананың жоқтығы, жалақы мен зейнетақының аздығы, әлеуметтік теңсіздік – шеше қоймайды. Бәлкім, осынау идеяны жариялай арқылы билік жұрттың назарын сол проблемалардан басқа жаққа бұрғысы келетін де болар. Не болса да бәрін, соның ішінде, осы бастаманың баянды болуын не болмауын, уақыт көрсетеді. Билік бір нәрсені бастап, сосын оның аяғы сиырқұйымшақтанып кететіні де бар емес пе?...

     Мемлекеттің атауын қазақыландыру идеясы дұрыс-ақ. Ескерер мынадай жайттар бар. Өз тіліміздегі атауымен қатар оның, мәселен, ағылшын тіліндегі транскрипциясын және ел азаматтарының сол атауға байланысты аталуын да мықтап ескеру қажет деп ойлаймын. Және де елбасының бұл ұсынысы ел ішінде қордаланып қалған маңызды проблемаларды тасада қалдырмауы тиіс.

P.S.:  Кейбір бейресми мәлімдемелерге  қарағанда, бұл  идея  2014 жылы сәуірде  қабылданатын "Еуразиялық Одақ" туралы  келісімшартты  бүркемелеудің  бірамалы деседі. Қоғам назарын  уақытша осы мәселеге  аударып, екінші түйінді шешудің жолы  болып жүрмесе  игі. "Қазақ елі" идеясы пародоксалды  құбылыс секілді. Полиэтносты мемлекетті бір ұлттың  атымен атау еліміздің көпвекторлы саясатына қарама-қайшы емес пе?  Ел болашағанына қатысты мұндай жоталы  мәселе  әрбір отандасымыздың көкейінде жүрсе керек. Ал,  сіз не  дейсіз,  қазақ баласы?

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір