• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 03:42:21
Алматы
+12°

17 Сәуір, 2024 Экономика

Forbes тізіміне кіретін ірі кәсіпкерлер әр облысқа бекітіліп, көмек көрсететін болды

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында су тасқыны салдарын еңсеруге көмектескен бизнес өкілдерімен және еріктілермен кездесті.

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен халыққа нақты көмек көрсетуде бизнесмендердің рөлі зор екеніне айрықша назар аударды.

Президент Forbes тізіміне кіретін қазақстандық ірі кәсіпкерлер әр облысқа бекітіліп, көмек көрсететінін айтты.

“Біздің елімізде Forbes тізіміне кіретін ірі кәсіпкерлер бар. Олармен арнайы кездесеміз. Олар әр облысқа, ауданға, елді мекенге бекітіледі және нақты жауапкершілік жүктеледі. Бұл бір жағынан кәсіпкерлердің мүддесіне сай келеді. Өйткені олар өздерінің қосқан үлесінің нақты нәтижесін көреді. Халқына қайырымдылық жасаған азамат ретінде сіздердің де есімдеріңіз мемлекет тарапынан елеусіз қалмайды деп ойлаймын”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар президент еріктілерге зор құрметпен қарайтынын және жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтіп, оларға ризашылық білдірді. 

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Қостанай облысына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездескені туралы жазған едік. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Forbes кәсіпкерлер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір