• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 02:09:47
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2024 NEWS

Атырауға да су басу қаупі төніп тұр

Атырау облысының әкімінің шешімімен Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Облыс әкімі Серік Шәпкенов өңір жұртшылығына төтенше жағдайды жариялап, тұрғындарды сабырға шақырып, жолдау жасады.

Фото: ашық дереккөзден

Сонымен қатар Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Құлсарыда болып жатқан ахуал өте күрделі екенін және жылыойлықтар тасқын сумен күреске бел шешпей 2 апта дайындалып, 3 күн бойы қарғын сумен күрессе де, Құлсары қаласын су басқанын және Атырау қаласы да бұл тағдырды қайталауы мүмкін екенін жасырмады. Сондай ақ ол зардап шеккендерге барлық көмек көрсетіліп, шығын көлемі өтелетінін айтты.

«Орынбор облысындағы Ирикла су қоймасынан Жайыққа жіберілген су Қазақстан аумағында Батыс Қазақстан облысы арқылы Атырауға облыстың Индер, Махамбет аудандарының аумағымен ағып келеді. Су басу қаупі Орынбор, Орал қалаларынан кем болмайды деген болжам бар», – деді Жасұлан Бисембиев.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір