09 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар
9 су қойманың жобалаушы жоспарлары дайындалып жатыр - министр
Үкімет отырысынан кейін су тасқынына байланысты баспасөз мәслихаты өтті
Фото: Gov.kz
Жиында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке «Сізді Жамбыл облысы әкімі болғаннан бері жақсы білеміз. Ол жақста да өзіңіз іскер әкім ретінде көріне қойған жоқсыз. Су министрі ретінде лауазымды қызмет атқарып жатырсыз. Кеше президенттен сөгіс естідіңіз. Сіз өзіңізді Су министрі болуға лайықтымын деп есептейсіз бе?» деген сұрақ қойылды.
- Өзіңіз дұрыс айттыңыз. Бүгінгі күні Президент тарапынан тәртіптік жауапкершілікке тартылдық. Ары қарай осы жұмысқа лайықты немесе лайықты емес екенім бойынша Президент шешім қабылдайды. Біз жұмысты қалай атқарып жатқанымызды Президент бағалайды, - деген министр жауабында халы, ел алдындағы жауапкершілік туралы тоқталып жатпады.
- Бүгінгі күні министрліктің жұмысы төтенше жағдайға байланысты оның салдарын жоюға бағытталып отыр. Алты айдың ішінде біз құқықтық базаны қалыптастырдық. Бүгінгі әр жергілікті атқарушы органмен қандай жұмыстарды атқаруымыз керек, қандай көлемде екені жайлы жоспарларымыз бар. Алты айдың ішінде сол ауқымды жұмыстарды атқаруға ешқандай мүмкіндік болған жоқ. Қыркүйек айынан бастап осы бүгінгі күнге дейін мүмкіндік болмады, - деген Су министрі министрлік сайтындағы мәліметтерді тізбелеп кетті.
Оның айтуынша, бүгінгі күні 20 су қоймасын салу жоспарланып отыр.
- Мен баяндамда айтып кеткендей, 9 су қойманың жобалаушы жоспарлары дайындалып жатыр. Алтауы бірінші жарты жылдықта дайын болады. Одан бөлек 15 қорғаныста бар гидротехникалық құрылғылардың қайта жөндеу жұмыстарын қарастырып жатырмыз. Осы жұмыстардың арқасында 134 елдімекеннің, жалпы саны екі жүз мыңнан асатын халыққа судан төнетін қауіпті төмендетуге мүмкіндік болады. Әрине, оған уақыт керек. Сол жұмыстарды жеделдетуге күш салып жатырмыз», – деді ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір