• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 08:07:37
Алматы
+35°

04 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

"Аққан жұлдыз". Бүгін Бекзат Саттархановтың туған күні

4 сәуір күні шаршы алаңда жасындай ойнаған боксшы, Олимпиада чемпионы Бекзат Сейілханұлы Саттарханов (1980-2000) дүниеге келген.

Фото: ашық дереккөзден

4 сәуір – тәуелсіз ел тарихында бокстан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған қазақ марқұм Бекзат Саттархановтың туған күні. 20 жасында олимп шыңын бағындырып, шаршы алаңда жасындай жарқыраған Бекзат Сейілханұлы көзі тірі болғанда бүгін 44 жасқа толар еді. 

Ер есімін ел есінде қалдыру үшін Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы ықшамаудан мен спорт кешені бой көтерді. Алматы қаласындағы көшелерді біріне  чемпионның аты берілді. 2002 жылдан бастап бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өткізіліп жүр.

Спортшы 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні, жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда, Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір