• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 14:51:23
Алматы
+35°
 

Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы қандастардың Қазақстанда білім алуына арналған стипендиялық бағдарламаға құжат қабылдау басталғанын хабарлады. Құжаттарды мамыр айының соңына дейін онлайн өткізуге болады. Бұл туралы аталған орталықтың сайтында жарияланды.

"Құрметті үміткерлер, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын бакалавриат, магистратура мен PhD білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарында білім алуға шақырады" делінген ақпаратта.

Бұл жолы: Бакалавриат – 490, Магистратура – 50, PhD докторантура – 10 грант бөлініп отыр. Стипендиялық бағдарламаға шетел азаматтары және шетел азаматтары – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар қатыса алады.

Сонымен қатар стипендия тегін білім беру, ай сайынғы стипендия төлеуді қамтитын болады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

  • 2024 жылғы 30 наурыздан 31 мамырға дейін

Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы

Барлық сұрақтар бойынша:

Тел.: +7 (7172) 28 75 26, 28 75 31

E-mail: [email protected]

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір