03 Сәуір, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Бүгін Астана қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Өмірбек Байгелді – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының алғашқы төрағасы болды (1996-1999 ж.ж.).
Ол 1939 жылы Жамбыл облысының Қызыл-Октябрь ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қызыл-Октябрь колхозында жұмысшы болып бастаған.
1990 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып қызмет атқарған.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымдағы депутаты болып, Парламент Сенатында 16 жылдан астам қызмет атқарған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір