• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 03:04:05
Алматы
+12°

02 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Фото: ашық дереккөзден

Астанада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыға қатысты негізгі сот отырысы басталды. Ол сот отырысында кінәсін толық мойындады.

Сот отырысы ашық форматта өтті. 

Сондай-ақ Сатыбалды тағылған айыптарды толық мойындап, айыптау актісіндегі сомалармен келісіп, дәлелдерге қарсы шықпады. 

Судья отырысты белгісіз мерзімге дейін кейінге қалдыру туралы қаулы шығарды. Себебі, Сатыбалды мен прокурор арасында іс жүргізу келісімін жасасу мәселесі қарау сатысында тұр. 

Бұған дейін Сатыбалды мемлекетке 732,8 миллиард теңгені қайтарған болатын. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру туралы іс түскен-ді. 

"Бұл қаржыға Қайрат Сатыбалды әртүрлі мүлік сатып алып, әрі шетелде де ақшаны Қазақстан мен шетелдегі банктік шоттарға орналастырды" - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында. 

Агенттік Сатыбалдыға қатысты салық төлеуден жалтарғаны үшін тағы бір тергеуді жалғастыруда. Ол әлі қаралу үстінде. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір