• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:14:42
Алматы
+12°

29 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Елшілік қазақстандықтарға Украинаның қауіпті қалаларынан кетуді ұсынды

Украинаның Одесса және Харьков облыстарындағы жағдайдың шиеленісуіне және Қауіпсіздік қатерінің артуына байланысты Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтарына осы аймақтардан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады

Фото: Ашық дереккөзден

Украинадан Қазақстанға шығу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары Польша немесе Молдова арқылы өтетін жерүсті бағыттарын, одан кейін коммерциялық рейстерді пайдалана алатынын ескертеміз. Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы керек, Молдова арқылы қайту үшін виза талап етілмейді, - делінген елшілік таратқан хабарламада.

Сонымен бірге, елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді ескеріп және дереу бомбадан қорғанатын орынға өтуге шақырады. 

Елшіліктің байланыс телефондары: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031. Қазақстан азаматтарына арналған сенім телефоны (төтенше жағдай кезінде): +380673470408.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украина соғыс халық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір