• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:38:51
Алматы
+12°

28 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Полиция енді құқықбұзушылардың кешірім сұраған видеосын түсірмейді

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев түрлі құқықбұзушылық жасаған айыптылардың қоғам алдында кешірім сұрау тәжірибесі енді қолданылмайтынын айтты.

Фото: ашық дереккөзден

 

 «Біз жалпы ақпараттық кеңістікті талдап жатырмыз. Оның ішінде әлеуметтік желі пайдаланушыларының, халықтың пікірін зерттейміз. Қазір айыптылар жауапқа тартылса да, полиция оларды күштеп кешірім сұрататындай көрінеді. Жоқ, олар өз еркімен кешірім сұрайды. Жағдайды жеңілдету үшін видеоға түсірілген, бірақ бұл керісінше әсер берді. Халық кешірім сұраған айыптылар жазадан сытылып кетеді деп ойлайды», - деді Шыңғыс Әлекешев елордада тілшілермен кездесуде. 

Ресми өкілдің айтуынша, енді кешірім сұраған видеолар болмайды, оның орнына жауапқа тартылғандардың қоғамдық жұмыстарды қалай орындап жатқаны көрсетіледі.

«Осылайша біз жазаның бұлтартпаушылық принципін қамтамасыз етеміз. Халық бәрінің тең екенін білуі керек. Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Біз ешкімді көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүрлеген жоқпыз және ондай видеолар енді түсірілмейді. Кешірім сұрағысы келгендер өз парақшасында өз бастамасымен жасасын. Бірақ біз оны полициямен байланыстырмаймыз», - деді Ш. Әлекешев.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жаза қылмыс кешірім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір