26 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар
Дәрігерге ескерткіш тақта қойылды
27 жыл бойы бас дәрігерлік қызметті абыроймен атқарған Руслан Молдабекұлына ескерткіш тақта қойылды
Руслан Молдабекұлына арналған ескерткіш
Жуалы ауданында үздіксіз 27 жыл бойы бас дәрігерлік қызметті абыроймен атқарған Руслан Молдабекұлы (Райысұлы) Жуалы ауданындағы Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Әкесінің інісі Молдабек асырап алғандықтан, сол кісінің тегіне өткен.
Ол Алматы мемлекеттік медициналық институтының педиатрия факультетінде оқып, еңбек жолын Алматы қаласындағы туберкулез ғылыми зерттеу институтының хирургия бөлімінде фтизиохирург мамандығы бойынша бастаған. 1981-1982 жылдар аралығында Қордай аудандық туберкулез ауруханасында дәрігер фтизиатр болып еңбек етеді. 1982 жылдың 6 мамыр айынан бастап 2010 жылға дейін алғашында облыстық «Теріс-Ащыбұлақ» туберкулез санаторийінде, кейін аудандық туберкулез ауруханасында бас дәрігерлік қызметті атқарған.
Дәрігерге құрметпен қойылған мемориалды тақтаның ашылу салтанатына қатысқан Жуалы аудандық мәслихатының төрағасы Зиядхан Бүрлібаев, ауданның құрметті азаматы, академик Сәбит Дүйсебаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдікерім Үркімбаев, аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова сөз сөйледі. 2022 жылы дүниеден өткен Руслан Райымбектің әріптестері мен туысқандары естеліктерін айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір